14.06.2006, 17:34 2657

Ресей 2007-жылдан бастап Қазақстандағы полигондарды жалға алғаны үшін ҚР қорғаныс министрлігінің бюджетіне 3 млрд. теңгеден астам қаржы аударатын болады

АСТАНА. 14-маусым. Kazakhstan Today. Ресей 2007-жылдан бастап Қазақстандағы полигондарды жалға алғаны үшін ҚР қорғаныс министрлігінің бюджетіне 3 млрд. теңгеден астам қаржы аударатын болады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Қозы Көрпеш Жаңбыршин құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Өткен жылғы бюджеттің орындалу қорытындысы бойынша қорғаныс министрлігі 3 млрд. теңгеден астам қаржыны игере алмады деген ақпарат жарияланды, деп атап өткен Қ.Жаңбыршиннің айтуынша, “іс жүзінде бұл қаржы қорғаныс министрлігінің бюджетіне аударылған жоқ. Бұл – Ресейден Қазақстандағы полигондарды жалға алғаны үшін аударылатын қаржы”,- деді.

“Бұған дейін жұмыс істеген келісімге сәйкес, бұл қаржы қару-жарақ пен әскери техника түрінде елімізге келуге тиіс болатын. Бірақ Ресеймен арадағы бұл мәселе кейінгі кезге дейін реттелмеуге байланысты қару-жарақ та, әскери техника да жеткізілген жоқ”, деді ол.

Оның айтуынша, қазір Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге қол қойылып, келесі жылдан бастап Ресей Қазақстандағы полигондарды жалға алғаны үшін ҚР қорғаныс министрлігінің бюджетіне 3 млрд. теңгеден астам қаржы аударатын болды. “Сөйтіп, қорғаныс министрлігі 2005-жылы бюджетті 100 процентке жуық орындап шықты”,- деді Қ.Жаңбыршин.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны