15.10.2015, 13:16 3516

Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинніӊ Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында кеӊейтілген құрамдағы келіссөздер өтті

Біз Еуразиялық экономикалық одақта өзара ықпалдасып отырмыз. Елдеріміз екіжақты байланыстар аясында экономика, ғылым және гуманитарлық салалардағы жобаларды табысты жүзеге асыруда. Соған орай біз екі мемлекеттіӊ ынтымақтастығына қосымша серпін беретін осы жолғы кездесуге айрықша мән береміз, - деді Мемлекет басшысы.

Астана. 15 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Ресей біздіӊ еліміздіӊ стратегиялық серіктесі әрі одақтасы екенін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Біз Еуразиялық экономикалық одақта өзара ықпалдасып отырмыз. Елдеріміз екіжақты байланыстар аясында экономика, ғылым және гуманитарлық салалардағы жобаларды табысты жүзеге асыруда. Соған орай біз екі мемлекеттіӊ ынтымақтастығына қосымша серпін беретін осы жолғы кездесуге айрықша мән береміз, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев өзара тауар айналымы көлемініӊ қазіргі құлдырауы әлемдік экономика дамуыныӊ кезеӊділігіне және негізгі экспорттық тауарлар бағасыныӊ төмендеуіне байланысты уақытша құбылыс екеніне назар аударды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Біз ұлттық деӊгейде де, ЕАЭО аясында да үйлесімді жедел шаралар қабылдау қажеттігін түсінеміз. Экономикалық мәселелердіӊ салдарын жеӊілдете түсу үшін резервтерді пайдаланған жөн. Еуразиялық экономикалық одақ Ұйымныӊ барлық мүшесініӊ теӊқұқылығы жағдайында қызмет ете алады, елдеріміздіӊ өкілдері барлық елдердіӊ мүддесіне орай және ортақ экономикалық ұстанымдарға сәйкес жұмыс істеуі тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

В.Путин екіжақты қарым-қатынастардыӊ барлық, соныӊ ішінде саясат, экономика және қауіпсіздік бағыттарында тиімді дамып жатқанын айтты.

Біз статистикалық көрсеткіштердіӊ аздап төмендегенін байқап отырмыз, бірақ нақты көлем тұрғысынан іс жүзінде өзгеріс жоқ. Біз 2013 жылы қабылданған, 2015 жылы мерзімі аяқталатын екіжақты жоспар негізінде жұмыс істеп жатырмыз. Қазір біздіӊ әріптестеріміз 2016-2018 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеуде. Оны жыл аяғына дейін бекітеміз деп үміттенемін, - деді Ресей Президенті.

В.Путин Ресейдіӊ Қазақстан экономикасына салған инвестициялары 9 миллиард доллардан асқанын да атап өтті. Қазақстан мұнайыныӊ сыртқы нарыққа арналған негізгі көлемі Ресей аумағы арқылы өтеді. Сонымен қатар, Ресей Президенті жоғары технологиялар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларында бірлескен ірі жобалар бар екеніне назар аударды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны