09.02.2016, 15:24 3402

Ресей мен Қазақстан шегірткеге қарсы күресті бірлесіп жүргізеді

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресейлік әріптестеріне шегірткеге және басқа да зиянкестерге биологиялық әдіспен қарсы күресте жаӊа технологиялармен бөлісті. Атап айтқанда, экономикалық, экологиялық аспектілер және биоәдістіӊ биологиялық тиімділігі қаралды

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ресейлік әріптестеріне шегірткеге және басқа да зиянкестерге биологиялық әдіспен қарсы күресте жаӊа технологиялармен бөлісті. Атап айтқанда, экономикалық, экологиялық аспектілер және биоәдістіӊ биологиялық тиімділігі қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұған қоса, екі ведомствоныӊ Ақтөбе қаласында өткен кездесуінде РФ АШМ-ныӊ 2015 жылы Қазақстанда зиянкестерге қарсы күрес бойынша жүргізген жұмыс нәтижелері көрсетілді. 18 349,4 мыӊ га аумақта шегірткеніӊ топталып жүретін түрлеріне зерттеу жүргізілді. 3 284,8 мыӊ га-ға зиянкестерге қарсы химиялық өӊдеу өткізілді. Қауіпті зиянкестерге қарсы күреске 310 техника тартылып, 3500-ден аса білікті маман қатысты.

2015 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат үйірлі шегірткелерге қарсы қорғау іс-шараларын толық көлемде жүргізуге мүмкіндік берді.

Шегіртке зиянкестеріне қарсы өткізілген іс-шаралардыӊ нәтижесінде ауыл шаруашылығы егіндеріне залал келуі, сондай-ақ шегірткелердіӊ көршілес мемлекеттердіӊ аумақтарына ауысуы анықталмаған.

Кездесудіӊ соӊында РФ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрліктері арасында шегірткеге және басқа да ауыл шаруашылығы зиянкестерге қарсы күрес жүргізу бойынша Хаттамаға қол қойылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны