06.07.2006, 17:24 2832

Ресей президенті Қазақстан мемлекет басшысын туған күнімен құттықтады

АСТАНА. 6-шілде. Kazakhstan Today. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин бүгін Қазақстан Республикасының басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі РФ президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазбаша да құттықтау жолдаған Ресей президенті: «Сіздің бай саяси тәжірибеңіз, Ресей мен Қазақстанның арасындағы одақтастық пен стратегиялық серіктестікті дамытуға бағытталған сіздің тұрақты бағдарыңыз - ресейліктердің шынайы құрметіне ие болып отыр. Екі ел халқы сан ғасырлар бойы мықты достық және тату көршілік дәстүрлерімен байланысты болды. Осынау баға жетпес дәстүрлер сіздің қажырлы күш-жігеріңіздің арқасында бүгінде нығайып, еселеніп келеді»,- деп атап көрсеткен В. Путин өзінің жеделхатында.

«Арамызда қалыптасқан сенім мен өзара түсіністік қатынастарды жоғары бағалаймын. Біздің тұрақты кездесулеріміз, мүдделі пікір алмасуларымыз көп жоспарлы екіжақты ынтымақтастығымызды қарқынды дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Ал, аймақтық мәселелерді шешудегі үндес бағдарлар ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ және ШЫҰ аясындағы ықпалдастық үдерістерді ілгерілетуге сеп болуда», - делінген құттықтауда.

Ресей президенті сондай-ақ қазақстандық әріптесін телефон арқылы да құттықтады. Иңгіме барысында екі елдің басшылары сондай-ақ жоғары деңгейдегі Ресей-Қазақстан барыс-келісінің таяу уақыттардағы кестесін талқылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны