20.10.2008, 17:39 2664

Ресейдің ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері түрлі банктерден 10 млн теңге тонады

Ресейдің ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері түрлі банктерден 10 млн теңге тонады

Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің ұйымдасқан қылмыстық тобының 4 мүшесі түрлі банктерден 10 млн теңге тонады. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Соңғы уақытта банкоматтардан аса ірі көлемде ақша ұрлау үшін жалған және ұрланған банк карточкаларын пайдалану әрекеттері жиіледі. Қылмыскерлерде халықаралық байланыстары бар және олар шетелден жалған банк карточкаларының жеткізу арналарын жасайды",- деді ол.

Б.Қожахметовтың хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының ІІД-не Өскемен қаласындағы "АТФ-Банк" филиалынан ағымдағы жылдың 6-9 қазан аралығында белгісіз азаматтар қаладағы жоғарыда аталған банктің банкоматтарынан Ресей Федерациясы азаматтарының есеп-шоттарынан жалпы сомасы 745 000 теңге ақша алынғаны туралы хабар түсті.

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде тәулік ішінде екі Ресей Федерациясының азаматын ұсталған. Ұсталған азаматтардан магнитті жолақшасы бар жалған 36 банк карточкалары мен ірі көлемде ақша тәркіленген.

Олардың тұрғылықты мекенжайын қарау кезінде 250 астам жалған карточкалар, ноутбук, СД дискілер және пост-терминалға ұқсас техникалық құрылғы анықталып, тәркіленген.

Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында ұсталған азаматтардың алаяқтық жолмен ақша ұрлаған фактілері дәлелденген. Қылмыстық іс қозғалған, бұлтартпау шарасы "қамауға алу".

Ұсталған азаматтардың мойындау көрсетулері бойынша олар Интернет жүйесі бойынша белгісіз азаматтан 4000 долларға пластик карточкаларының 20 пин-кодын алған, төлемді Веб-мани жүйесі арқылы жүзеге асырған.

Апта бұрын Петропавл қаласындағы "Халық банкінің" қауіпсіздік қызметінен заңсыз ақша алу әрекеті туралы ақпарат түсті. Осыған байланысты, облыстың ІІД "К" бөлімі мен ҰҚҚКБ қызметкерлері 45 терминал-банкоматтарына бақылау қойды. Қабылдаған шаралар нәтижесінде "Альянс банкінің" терминалы жанынан екі Ресей азаматы ұсталған.

Қылмыскерлерден ірі көлемде ақша және "Газинвест" және "Газпром" банкінің төлем карточкалары тәркіленген. Күдіктілердің мойындау көрсетулері бойынша олар Петропавл қаласында түрлі банктерден пластикалық карталарын қолдану арқылы 1 млн теңге көлемінде ақша алған. Осы әдіспен Павлодар және Көкшетау қалаларында 2 млн көлемінде ақша қаражаттарын алған.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтарды тексеру және олардың байланыстарын анықтау бойынша іс-шаралар өткізілуде. Қылмыстық топты басқарған басшы анықталды. Оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны