02.10.2015, 17:47 4063

Республикалық санитариялық авиация орталығыныӊ командасы жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық жарыста жүлделі орынға ие болды

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Республикалық санитариялық авиация орталығыныӊ командасы Дубингяй қаласы және Гиряйчяй елді мекенінде өткен (Литва Республикасы) жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық жарыста үшінші орынға ие болды

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Республикалық санитариялық авиация орталығыныӊ командасы Дубингяй қаласы және Гиряйчяй елді мекенінде өткен (Литва Республикасы) жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық жарыста үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Литва жедел медициналық көмек ұйымдарыныӊ Ассоциациясы, "Kriziu tyrimo centras" (Дағдарыстарды зерттеу орталығы) ЖАҚ және Литва шұғыл медицина қоғамы ұйымдастырған шараға Қазақстаннан Республикалық Санавиация орталығы медициналық қызмет жөніндегі директордыӊ орынбасары Ғұмырбек Ағыбаев, сонымен қатар Борис Сартаев, Елена Рябинина сынды дәрігерлер, фельдшер Светлана Ушакова қатысты.

Жарысқа қатысушылар жедел медициналық көмек көрсету кезінде Америка жүрек ассоциациясыныӊ (АНА American Heart association) және Еуропа реанимациялық кеӊесініӊ (ЕRС European Resuscitation Council) жаӊа ұсынымдарын басшылыққа алды. Ситуациялық тапсырмаларды орындау барысында манекендер қолданылды. Байқауға қатысушылар 10 минуттыӊ ішінде пациентті алғашқы және толық (екінші реттік) тексеруден өткізу, анамнез жинау, басым ауру белгілерін анықтау, қажетті емдік шараларды белгілеу мен тасымалдау тапсырмаларын орындады.

Қазақстандық мамандар өздерініӊ біліктілігі пен машықтарын көрсетіп, сонымен қатар, Еуропа елдерінде қолданылатын стандарттарға сай жедел медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибе жинап қайтты.

Жедел медициналық көмек ұйымдарыныӊ Ассоциациясы мен Литва шұғыл медицина қоғамы қазақстандық командаға шараны ұйымдастырудағы ынталылығы пен ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.

Литваға Республикалық санавиация орталығы дәрігерлерінен басқа Алматы қалалық шұғыл медициналық көмек стансасыныӊ тобы, сонымен қатар, Астана қаласыныӊ оқу-клиникалық орталығыныӊ қызметкерлері бақылаушылар ретінде қатысты.

Жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық байқау Литвада жыл сайын 9 жыл ішінде өткізіліп келеді. Ағымдағы жылы жарысқа Еуропа мен ТМД елдерінен 31 команда қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны