02.06.2014, 20:18 2400

РФ бейбіт ғарыш туралы Ресей-Қазақстан келісімін ратификациялады

РФ Мемлекеттік Думасы Ресей мен Қазақстан арасындағы ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.

Алматы. 2 маусым. Kazakhstan today. РФ Мемлекеттік Думасы Ресей мен Қазақстан арасындағы ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.

Келісімге 2008 жылғы 22 мамыр күні Астанада қол қойылды, деп Ұлттық ғарыш агенттігінен хабарлады.

ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыстар бойынша комитетінің хабарлауынша, келісім соның ішінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, ақпарат алмасу және қорғау мәселелері, импорттаушының аумағында экспорттық бақылау орнатылған қорғалатын бұйымдар мен технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі мен түпкі пайдалануын сертификациялау саласындағы ынтымақтастықты ретейтін болады.

Келісім, сондай-ақ, РФ және Қазақстанның ынтымақтастық кезіндегі жауапкершілік пен зиянды өтеуге қатысты өзара талаптардан бас тартуын, импортталатын мемлекеттің аумағында тараптардың мүлкін және онымен байланысты ұйымдардың қорғалуын қамтиды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны