29.05.2009, 09:43 1233

РФ Есеп палатасының төрағасы үкімет басшысына мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бірлесе жоспарлап отырған жемқорлықпен күрес шаралары туралы хабарлады

РФ Есеп палатасының төрағасы үкімет басшысына мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бірлесе жоспарлап отырған жемқорлықпен күрес шаралары туралы хабарлады

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ресей Федерациясы Есеп палатасының төрағасы үкімет басшысына мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бірлесіп жоспарлап отырған жемқорлықпен күрес жөніндегі шаралары туралы хабарлады. тол
Бұл туралы Ресей Федерациясы Есеп палатасының төрағасы Сергей Степашин кеше Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесуде баяндады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтетеме жасап.

Иңгіме барысында екі елдің жоғары қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар екі елдің үкімет басшылары кездесуінің қорытындылары және Қазақстан мен Ресейдің Кедендік одақ құру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасының кейбір мәселелері туралы да ой бөлісті.

"Дағдарыс жағдайында кедендік одақ құру барлық ауыртпалықтан құтқармаса да, екі елдің экономикасы мен өнеркәсібіне айтарлықтай қолдау болары сөзсіз",- деді С.Степашин.

Кездесуде Қазақстан мен Ресейдің бақылаушы органдарының арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны