17.12.2018, 15:39 5466

Рим қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеӊесі мен Италия Республикасы Магистратурасыныӊ Жоғары Кеӊесі арасында ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді

Меморандумға сәйкес еліміздіӊ Жоғары Сот Кеӊесі Италия Магистратурасыныӊ Жоғары Кеӊесімен білресе отырып, судьяларды іріктеу, даярлау және ілгерілету жүйелерін жетілдіру және институционалдық дамыту бағытында ынтымақтастық орнатылмақ.

Астана. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылдыӊ 13 желтоқсанында Рим қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеӊесі мен Италия Республикасы Магистратурасыныӊ Жоғары Кеӊесі арасында ынтымақтастық туралы меморандум бекітілді. Қазақстан тарапынан құжатқа ҚР ЖСК Т. С. Донақов, ал Италия тарапынан Италия Магистратурасыныӊ Жоғары Кеӊесі вице-президенті Давид Эрмени қол қойды.

Меморандумға сәйкес еліміздіӊ Жоғары Сот Кеӊесі Италия Магистратурасыныӊ Жоғары Кеӊесімен білресе отырып, судьяларды іріктеу, даярлау және ілгерілету жүйелерін жетілдіру және институционалдық дамыту бағытында ынтымақтастық орнатылмақ.

Құжат шарттары бойынша, тараптар бірлесіп, оқыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады. Сонымен қатар судьяларды іріктеу саласындағы тәжірибемен бөлісу да көзделген. Естеріӊізге сала кетейік, үстіміздегі жылдыӊ қарашасында Италия Магистратурасыныӊ Жоғары Кеӊесініӊ өкілдері Астанада өткен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеӊесініӊ қызметін және судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру тақырыбында ұйымдастырылған Халықаралық "дөӊгелек үстел" отырысына қатысқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны