20.06.2012, 18:16 4945

Рио-де-Жанейрода БҰҰ орнықты даму жөніндегі "Рио+20" конференциясы өз жұмысын бастады - баспасөз баяны

Халықаралық форум делегаттары үш күн бойы орнықты даму және жоқшылықты жою тұрғысында "жасыл" экономикаға өту мәселелерін, сондай-ақ, орнықты дамудың институционалдық негіздерін қарастырады. Бұл туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында БҰҰ орнықты даму жөніндегі "Рио+20" конференциясы өз жұмысын бастады.

Халықаралық форум делегаттары үш күн бойы орнықты даму және жоқшылықты жою тұрғысында "жасыл" экономикаға өту мәселелерін, сондай-ақ, орнықты дамудың институционалдық негіздерін қарастырады. Бұл туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Саммитке 100 елдің мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ, дүние жүзі мемлекеттерінен келген 50 мыңнан астам делегат қатысуда.

Қазақстан делегациясын ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров бастап барды. Делегация құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, ҮЕҰ, қоғамдық бірлестіктердің, салалық қауымдастықтардың, өнеркәсіп және энергетикалық кәсіпорындардың өкілдері бар.

Н.Қаппаров Конференцияның ашылу рәсіміне қатысады. Қазақстандық делегацияның басшысы бірқатар отырыста сөз сөйлеп, бірнеше жұмыс бабындағы кездесулер өткізеді. Сонымен қатар, ол әр елдердің өз ұстанымдарын түсіндіріп, талқылау үшін ұйымдастырылатын сайд-ивенттерге қатысуды жоспарлап отыр.

21 маусым күні көпшілікке Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екі бастамасы - Жаһандық энергия-оэкологиялық стратегиясы және "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасын ұсынатын "Стратегиялық шешімдер уақыты" атты сайд-ивент өткізіледі.

Жаһандық энерго-экологиялық стратегиясы дүниежүзі елдерінің энергетикалық және басқа да ресурстарға деген қажеттіліктерінің оңтайлы деңгейін қанағаттандыруды көздейді. Онда бірнеше елдер ғалымдарының мемлекеттер мен аумақтарға жасаған энергетикалық, экологиялық, экономикалық теңгерімі әзірленіп, әр елге жобаланған параметрлерге жетудің тиімді жолын қамтамасыз ететін энергияны өндіру мен пайдаланудың жаңа үдерісіне көшу бойынша кеңестер жинақталған.

Жаһандық энергоэкологиялық стратегиясын 2020 жылға дейінгі мерзімде бүгінге дейін 100-ге тарта ел мен планета халқының төрттен үш бөлігінің мүдделеріне өкілдік ететін аумақтық ЭСКАТО, ЕЭК БҰҰ, ИСЕСКО конференцияларында қолдауға ие болған "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасынан бастап іске асыру ұсынылып отыр.

"Жасыл көпір" серіктестік Бағдарламасы халықаралық қауымдастықтың "жасыл" экономикаға өтуіне қол жеткізетін практикалық тетік. Онда технологиялар мен қоршаған ортаны басқару тәжірибесін таратуға қолдау көрсету, "жасыл" өнеркәсіптің жаңа толқынын ынталандыратын жетілдірілген құқықтық, экономикалық, институционалдық жағдайларды енгізу көзделген. "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасының "Рио+20-да" қабылдануы "жасыл" тауарлар, қызметтер және жаңа технологиялар үшін орасан зор рынок құрып, жаһандық экономиканың өсуін қамтамасыз етеді. "Жасыл көпір" бағдарламасы барлық мүдделі тараптардың инвестицияларға, инновациялар мен технологияларға қолжетімділігін кеңейту үшін "жасыл" жобаларды қарапайым, практикалық және тиімді шаралармен қолдауға арналып әзірленген. Бағдарлама қатысушы елдердің экономикалық даму деңгейіне қарамастан, олардың тең құқықтығын ғана қарастырып қоймай, сонымен қатар оған бизнестің, халықаралық, үкіметтік емес және ғылыми ұйымдардың қатысуын көздейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны