30.09.2009, 18:09 6038

Ризоев Қазақстанға өз еркімен келіп, "БТА Банктегі" ұрлық жөніндегі іс бойынша тергеумен ерікті түрде ынтымақтасуда - Бас прокуратура

Ризоев Қазақстанға өз еркімен келіп, "БТА Банктегі" ұрлық жөніндегі іс бойынша тергеумен ерікті түрде ынтымақтасуда - Бас прокуратура

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - "БТА Банк" АҚ-ның бұрынғы жетекшісі Мұхтар Аблязовтың ісіне қатысы бар деп іздеу жарияланған "Бетпақ Дала" ЖШС директоры Рифат Ризоев Қазақстанға өз еркімен келіп, "БТА Банктегі" ұрлық жөніндегі іс бойынша тергеумен ерікті түрде ынтымақтасуда. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ризоев өз бетімен Украинадан Қазақстанға оралды, қазір тергеу органдарымен белсенді ынтымақтасуда деп мен сіздерге хабарлай аламын", - деді ресми өкіл.

"Бүгінгі жағдаймен Ризоевтың жауапкершіліктен босатылғаны туралы ақпарат жоқ", - деді ол.

Еске сала кетейік, Р. Ризоевқа "БТА Банктегі" ұрлық жөніндегі іс бойынша құқық қорғау органдары іздеу жариялаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны