30.04.2020, 11:27 13647

Роман Скляр Атырау облысында инфрақұрылымдық нысандардың жүзеге асырылу барысын тексерді

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Атырау облысына жұмыс сапары аясында "Нұрлы жол" бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Роман Скляр Атырау облысында инфрақұрылымдық нысандардың жүзеге асырылу барысын тексерді.

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Атырау облысына жұмыс сапары аясында "Нұрлы жол" бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты.

Роман Скляр және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Құрманғазы ауданына барды. Мұнда вице-премьер "Құрманғазы" өткізу бекетінің жұмысын және республикалық маңызы бар "Ақтөбе ? Атырау ? РФ шекарасы" автожолы құрылысының барысын тексерді.

"Құрманғазы" автомобиль өткізу бекеті 2004 жылы көпжақты қарым-қатынас орнату үшін ашылды. Тәулік сайын РФ шекарасы арқылы екі жаққа 4000-ға жуық адам мен 1200 көлік құралы өтеді.

Сондай-ақ Роман Скляр мен Махамбет Досмұхамбетов "Ақтөбе ? Атырау ? РФ шекарасы" автомобиль жолының қайта құру учаскелеріне барды, олардың әрқайсысында мердігерлік ұйымдардың басшылары тұрақты жұмыс барысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мен алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы баяндады.

Жолдың жалпы ұзындығы 893 шақырымды құрайды. Оның ішінде 545 шақырым жол Атырау облысының аумағынан өтеді. "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында 432 км қайта жаңартылады (330-598 км Атырау ? Ақтөбе, 616-893 км Атырау ? Астрахань РФ). Жол құрылысы жұмыстары екі бағытта жүргізілуде.

Вице-премьер нысандарды тексеруді қорытындылай келе, құрылысты уақытылы әрі сапалы аяқтау бойынша міндеттер жүктеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны