16.02.2018, 17:39 7275

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасын іске асырудыӊ 2017 жылғы негізгі қорытындылары шығарылды

Қазақстан Республикасы Президентініӊ жанындағы Қоғамдық сананы жаӊғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияныӊ кезекті отырысы болып өтті

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - 16 ақпанда Ақордада ҚР Президенті Икімшілігініӊ Басшысы И.Жақсыбековтіӊ төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентініӊ жанындағы Қоғамдық сананы жаӊғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияныӊ кезекті отырысы болып өтті.

Кеӊестіӊ жұмыс күн тәртібі мемлекеттік органдардыӊ республикалық және өӊірлік деӊгейлерде "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын іске асыру шеӊберіндегі қызметініӊ нәтижелерін талқылау мәселелерін қамтыды.

И.Жақсыбеков өз сөзінде бағдарламаны іске асырудыӊ жаӊа кезеӊінде осы қарқыннан танбай, келешектіӊ айқын көрінісін анықтап алудыӊ маӊызды екенін атап өтті.

Негізгі баяндамаларды О.Оразалин, А.Балаева, Д.Абаев, А.Мұхамедиұлы жасады.

Бейнеконференцбайланыс режимінде Алматы және Атырау облыстары басшыларыныӊ баяндамалары тыӊдалды.

Кеӊес қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия төрағасыбағдарламаныӊ іске асырылу барысы Мемлекет басшысыныӊ тарапынан ерекше бақылауда екеніне, сондай-ақ барлық жоспарланған жобаларды сапалы іске асырудыӊ және олардыӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ мақсаттары мен міндеттеріне тұжырымдамалық сәйкес болуыныӊ қажеттігіне баса көӊіл бөлді.

Өӊірлер басшыларына бағдарламаныӊ барлық бағыттары бойынша жұмысты жандандыру, соныӊ ішінде "Қазақстанныӊ киелі географиясы", "Туған жер" жобаларыныӊ іске асырылуын ерекше бақылауға алу, өлкетануды дамытуға және жергілікті шығармашылық ұжымдарға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

* * *

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасын іске асырудыӊ 2017 жылғы негізгі қорытындылары

- Қазақстан Республикасы Президентініӊ Жарлығымен қазақ тілініӊ латын графикасына негізделген әліпбиі бекітілді.

- ҚР Үкіметініӊ жанындағы Қазақ тілін латын графикасына кезеӊ-кезеӊімен көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.

"Жаӊа гуманитарлық білім. 100 жаӊа оқулық" жобасы шеӊберінде "Ұлттық аударма бюросы" коммерциялық емес қор құрылып, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық білім саласындағы әлемніӊ 17 үздік оқулығы мемлекеттік тілге аударылды және цифрландырылды.

- "Қазақстанныӊ 100 жаӊа тұлғасы" жобасы шеӊберінде жалпыхалықтық онлайн дауыс беру 102 жеӊімпазды анықтады. Дауыс беруге барлығы 340 мыӊ қазақстандық қатысып, өз фавориттеріне 1 млн. 376 мыӊ дауыс берді. 2017 жылғы 1 желтоқсанда Мемлекет басшысыныӊ Жобаға қатысушылармен кездесуі өткізілді.

- "Қазақстанныӊ киелі географиясы" жобасы шеӊберінде Жалпыұлттық және жергілікті киелі орындарды іріктеу және жүйелендіру жөніндегі ғылыми-сараптамалық кеӊес құрылды; Жалпыұлттық және өӊірлік маӊызға ие нысандардыӊ тізімі әзірленді; жалпыұлттықмаӊызға ие киелі нысандар бойынша 3d турлы Киелі нысандардыӊ виртуалдық картасы әзірленді.

- "Туған жер" жобасы шеӊберінде жалпы республика бойынша 700-ден астам жоба іске асырылды; меценаттар есебінен 51 млрд. теӊгеден астам демеушіліккөмек алынды;735 нысан абаттандырылды және қалпына келтірілді. "Туған жер" жобасы бойынша жалпы 1438 нысан пайдалануға берілді.

- "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" жобасы бойынша Қазақстанныӊ тәуелсіздігі кезеӊінде жасалған қазақстандық мәдениет туындылары жинақталып, жүйелендірілді.

2017 жылы Париждегі UNESCO штаб-пәтерінде "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ таныстырылымы болып өтті. Таныстырылым шеӊберінде шетелдік аудиторияға қазақстандық мәдениеттіӊ түрлі бағыттарын айшықтайтын әртүрлі іс-шаралар өткізілді.

Отандық театрлардыӊ, музейлердіӊ және музыкалық ұжымдардыӊ қатысуымен жалпы 20 шақты шетелдік гастрольдер, көрмелер және басқа да мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Халықаралық және театр фестивальдері мен орындаушылық өнер фестивалдарыныӊ 27 дирекциясымен келіссөздер өтті. Қазақстандық мемлекеттік театрлардыӊ халықаралық фестивалдарға қатысу кестесі жасалды.

Отандық кинематографты дәріптеу мақсатында АҚШ пен Италияда Қазақстан киносы күндері өткізіліп, 7 кинокартина көрсетілді.

Үздік қазақстандық музыкалық туындыларға цифрлы форматтағы қолжетімдікті қамтамасыз ететін Dalatunes- интернет-ресурс жобасы іске асырылды. 2017 жылдыӊ ішінде 13 мыӊ музыкалық туынды, 1,2 мыӊ нота және 1,7 мыӊ аккорд жүктелген.

Жаӊа талантты авторлар мен туындыларды айқындауды көздейтін Бірінші "Рух" халықаралық әдеби конкурсы ұйымдастырылды.

Республикалық және өӊірлік деӊгейлерде музей қорларын цифрландыру жұмысы белсенді жүргізілуде.

И.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде 13 700 сақтау бірлігі цифрландырылды. ҚР Орталық мемлекеттік музейінде 39 602 бірлік цифрландырылды.

Қостанай облысында экспонаттардыӊ 24,5%, Ақтөбе облысында - 23%, Атырау облысында - 20%, Қарағандыоблысында - 19%, Ақмола облысында - 18%, Маӊғыстау облысында - 14,8% цифрлы форматқа көшірілді.

- Жалпы арнайы жобаларды іске асыру шеӊберінде ғылыми-сараптамалық қоғамдастықпен және жоғары оқу орындары өкілдерімен жұмыс ұйымдастырылды. Барлық өӊірлерде жетекші жоғары оқу орындары базасында танымал ғалымдардыӊ, қоғам қайраткерлерініӊ қатысуымен Сараптамалық кеӊестер жұмыс істейді. 2017 жылы жоғары оқу орындары 99 ғылыми экспедиция ұйымдастырып, жұмыс қорытындылары бойынша 264 мақала жарияланды.

32 жоғары оқу орнында Қоғамдық сананы жаӊғырту бағдарламасы тақырыбы бойынша элективтік курстаренгізілді. Аталған курстарды оқитын студенттердіӊ саны шамамен 45 мыӊ адам. "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы тақырыбы бойынша 292 шығармашылық және ғылыми жоба іске асырылды.

Жоғары оқу орындарыныӊ студенттері мен магистранттары рухани жаӊғырудыӊ түрлі аспектілері бойынша 1115 диплом жұмыстары мен магистрлік диссертациялар дайындады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны