13.06.2012, 10:19 2784

Рұқсат беру құжаттары тағы да 30 пайызға қысқарады

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 13-маусым. Kazakhstan Today - Рұқсат беру құжаттары тағы да 30 пайызға қысқарады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Аталған құжат Мемлекет басшысының лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарының санын тағы да қосымша 30 пайызға қысқарту туралы тапсырмасына орай әзірленді.

Бұл ретте құжат қолданыстағы 80 заңнамалық актіге өзгерістер енгізуді көздейді. Атап айтқанда, лицензиялау қағидаттарына сәйкес келмейтін қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау жойылады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функциялары қысқартылады. Ал, жаңадан құрылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін 3 жыл ішінде тексеруге тиым салу көзделеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны