06.06.2014, 23:06 3247

С.Бычкова Қылмыстық-атқару кодексіндегі жаңалықтар туралы айтып берді

"Қылмыстық салада тағы екі маңызды заң қабылданғалы жатыр. Олар жаңа Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процессуалды кодекс. Олар әне-міне дайын болады, артынша Қылмыстық-атқару кодексіне кіргізіледі. Сол себепті жаңа Қылмыстық-атқару кодексін дайындау күн тәртібінен түсер емес", - дейді С.Бычкова.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР қылмыстық-атқару кодексіндегі өзгерістер туралы айтып берді.

"Қылмыстық салада тағы екі маңызды заң қабылданғалы жатыр. Олар жаңа Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процессуалды кодекс. Олар әне-міне дайын болады, артынша Қылмыстық-атқару кодексіне кіргізіледі. Сол себепті жаңа Қылмыстық-атқару кодексін дайындау күн тәртібінен түсер емес", - дейді С.Бычкова.

Жаңа кодекс жобасында, оның айтуынша, қылмыстық-атқару жүйесі мен азаматтық қоғамның өзара байланысы мәселесіне байланысты институттарға үлкен мән берілген.

"Прогрессивті жүйеге қатысты нормалар пайда болды. Ол атап айтар болсақ, кешенді салаларалық жүйе. Ол барлық алдыңғы қатарлы елдердің қылмыстық-атқару құқығы нормаларында қабылданған институт болып табылады. Оның маңызы сонда, қылмыстық-атқару жүйесі аясындағы тұлғалардың тағдыры жазасын өтеушілерге тәуелді", - деді депутат.

"Жазасын өтеушілерді қайта қоғамға араластыру тұрғысынан мұның берері бар. Яғни, жүйеден босаған жандардың қоғамға толық құқылы тұлға ретінде қайта енуін қамтамасыз ету керек", - дейді ол.

ҚАК жобасы ұлттық превентивті механизм, қоғамдық бақылау комиссиясы мен камералық шартпен бас бостандығынан айырылу түріндегі жазасын алу ерекшеліктерін қарастыратын баптармен толықты.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты пленарлы отырыста екінші оқылымда ҚР Қылмыстық-атқару кодексі жобасын қабылдаған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны