16.09.2023, 22:53 40531

Сәденов ТМД ішкі істер министрлерін трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы бірлесіп күресуге шақырды

Сәденов қауіптердің ішінде психотроптық заттардың таралуын ерекше атап өтті
Түркістанда өткен Достастық мемлекеттерінің ішкі істер министрлері кеңесінің отырысында сөз алған Ержан Сәденов ТМД ішкі істер министрлерін трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы бірлесіп күресуге шақырды, деп мәлім етті ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сәденовтың айтуынша, жалпы ТМД-ның және ұйымға мүше әрбір мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне ұйымдасқан қылмыс қатер төндіріп тұр және тәжірибе көрсеткендей, ол енді "дәстүрлі" қылмыстармен шектелмейді.

Экономикалық жаһандану, ақпараттық технологиялардың дамуы және шекаралардың ашықтығы ұйымдасқан қылмыс ауқымының ұлғаюына және оның трансұлттық сипатқа ие болуына ықпал етеді. Осыған байланысты біз оның жолында бірге сенімді тосқауыл қоюымыз керек", - деді министр.


Сәденов қауіптердің ішінде психотроптық заттардың таралуын ерекше атап өтті. Қазақстанда бұл бағытта есірткі зертханаларын тауып, жоюға бағытталған алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

ІІМ басшысы жыл басынан бері есірткі өндіретін 59 цех жойылғанын, шетелдік әріптестермен бірлесе отырып Алматыда құрамына Достастық елдерінің бірқатар азаматы кірген трансұлттық топ жойылғанын атап өтті. Олардан 80 тоннадан астам прекурсор тәркіленді.

Ішкі істер министрлері Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдап, ТМД-ға мүше мемлекеттердің құзырлы органдарының халықаралық бақылаудағы жеткізуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісім жобасын мақұлдады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны