28.09.2023, 11:24 41246

СҚО Аграрлық несие корпорациясы филиалының басшысы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды

Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет пара алды деп күдіктелуде
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Бизнеске жол"* жобасын іске асыру шеңберінде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ облыстық филиалының басшысын ұстады, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.

Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет пара алды деп күдіктелуде.

Пара сомасы 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі мөлшерді құрады.

Ақшалай қаражаттар ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде бөлінетін кредиттік қарыздарды беру мәселесін оң және кедергісіз шешуге арналған.

Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны