01.04.2011, 13:37 3796

Сайлауға байланысты ТЖ жөніндегі департамент бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшкен

Сайлауға байланысты ТЖ жөніндегі департамент бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшкен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 1 - сәуір. Kazakhstan Today - Сайлауға байланысты ТЖ жөніндегі департамент бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшкен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ сайлау учаскелерінде қауіпсіздік шараларын күшейтуде, деп хабарлайды BNews.kz. ақпараттық агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"2011 жылдың 25 наурызынан 5 сәуіріне дейін сайлау учаскелерінде инспекторлық құрамның тәуліктік кезекшілігі жүргізілуде. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының ТЖД бөлімдері күшейтілген тәртіпке көшірілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ҚР ТЖМ-нің республикалық дағдарыс орталығында Вице-министр В.В. Петровтың басқаруымен оперативтік штаб құрылған. Осындай штаб республиканың барлық облыстарында құрылды.

Баспасөз қызметінің айтуынша, сайлау учаскелерінде өрт және өндірістік қауіпсіздігі тексерілді. "Мемлекеттік өрт бақылауының қызметкерлері 9689 сайлау учаскесін тексерді, бұл 100% құрайды", - делінген баспасөз парағында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны