19.02.2013, 15:29 3569

Салық төлемеген қазақстандық кәсіпкер шетелге шыға алмады

"Атырау" халықаралық әуежайында Қазақстаннан басқа жаққа ұшпақ болған жергілікті кәсіпкер рейске жіберілмеді. Оның салық бойынша бюджетке қарызы бар екен, салықты үш жыл бойы төлемепті", деді сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" Атырау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Жасұлан Жұмағазиев.

Атырау. 19-ақпан. Kazakhstan Today - Атырауда әуежайда үш жыл бойы салық төлемеген кәсіпкер рейстен түсірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Атырау" халықаралық әуежайында Қазақстаннан басқа жаққа ұшпақ болған жергілікті кәсіпкер рейске жіберілмеді. Оның салық бойынша бюджетке қарызы бар екен, салықты үш жыл бойы төлемепті", деді сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" Атырау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Жасұлан Жұмағазиев.

Оның деректеріне қарағанда, бизнесменнің қарызы бір миллионнан асып кеткен екен.

Ж.Жұмағазиевтің айтуынша, сот орындаушылары кәсіпкерді салық органдарына алып барған, ол қарызын толық төлеген.

Қазіргі уақытта аймақта қазыналық және қадағалаушы органдар заңды және жеке тұлғалардан уақытылы төленбеген әкімшілік айыппұлдарды, мемлекет кірісіне аударылуға тиіс басқа да міндетті төлемдерді өндіру шараларын жүргізуде, деді прокурор.

"Акцияның 15 күні ішінде алақол борышқорлардан мемлекет пайдасына 200 миллионнан аса теңге өндірілді", деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны