08.05.2025, 18:58 149866

"Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті

Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті, деп хабарлайды Самұрық-Қазынаның баспасөз қызметінен.


Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша оң серпін байқалатыны айтылды.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, "Самұрық-Қазына" Қытайдың жетекші компанияларымен белсенді және табысты жұмыс істеп келеді. Ол қытайлық серіктестерді 29-30 мамыр күндері өтетін Астана халықаралық форумына (AIF) қатысуға шақырды.

Тараптар ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жоспарланған сапарын және "С5+Қытай" саммитін талқылады.

Өткен жылы Қытай басшысының Астанаға сапары аясында, Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 7-ші отырысы өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 3,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 45 құжатқа қол қойылды.

Кеңестің кезекті отырысын ШЫҰ аясында Қытайда өткізу жоспарлануда. Бұл кеңес 10 жылдан астам табысты жұмыс істеп келеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны