21.06.2012, 16:04 2671

"Самұрық-Қазына" АҚ-ның басшылығы Балқаш ЖЭС-ның құрылысы бойынша дайындық жұмыстарының барысымен танысты

"Самұрық-Қазына" АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш жоба Қазақстанның электрэнергетикалық саласындағы ірі жобалардың бірі болып табылады. Оны "Самұрық-Энерго" АҚ Korea Electric Power Corporation Корея консорциумымен және Samsung C&T Corporation-мен бірлесе іске асыруда. Қуаттылығы 1320 МВт БЖЭС-тың бірінші модулінің құрылысы 2012 жылдың 4-тоқсанынан басталып, 2017 жылы аяқталады.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін "Самұрық-Қазына" АҚ-ның басшылығы Балқаш ЖЭС-ның құрылысы бойынша дайындық жұмыстарының барысымен танысып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Самұрық-Қазына" АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш жоба Қазақстанның электрэнергетикалық саласындағы ірі жобалардың бірі болып табылады. Оны "Самұрық-Энерго" АҚ Korea Electric Power Corporation Корея консорциумымен және Samsung C&T Corporation-мен бірлесе іске асыруда. Қуаттылығы 1320 МВт БЖЭС-тың бірінші модулінің құрылысы 2012 жылдың 4-тоқсанынан басталып, 2017 жылы аяқталады.

"Самұрық-Қазына" АҚ-ның басшысы Өмірзақ Шөкеев бірінші кезектегі мақсат Балқаш көліндегі экологияны сақтау болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты ол қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін, атап айтқанда, күлді құрылыс индустриясы мен жол төсемінің өндірісінде қолдану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Ө.Шөкеев сондай-ақ құрылыс сапасының және мерзімінің сақталуына да баса назар аудартты.

Бұдан басқа, күндіз қор басшылығы Екібастұз энергиялық кешенінің компаниялары: "Екібастұз МАЭС-2 стансысы" АҚ, "Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1" ЖШС және "Богатырь Көмір" ЖШС-не барды.

Жұмыс сапарының барысында "Самұрық-Энерго" басқармасының төрағасы Алмасадам Сатқалиев (барлық кәсіпорындар "Самұрық-Энерго" АҚ-ға еншілес немесе оған байланысты болып табылады) "Самұрық-Қазына" АҚ-ның басшысы Өмірзақ Шөкеевті кәсіпорындар жұмысымен таныстырып өтті.

"Богатырь Көмір" ЖШС-не сапар барысында көмірді шығарудың кезеңдік-тасқындық технологиясына көшу бағдарламасының тұсаукесері өтті.

"Богатырь Көмірде" біз серіктестерімізбен бірге көмір өндірудің жаңа технологиясын енгіздік. Ол көмірді жылына 40 млн. тоннадан 49 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Ө.Шөкеев.

Қор басшысының айтуынша, өткізіліп отырған тарифтік саясаттың арқасында стансаларда жағдай жақсаруда. Екібастұз энергетикалық кешенінің қаржылық жағдайы тұрақты болуда. Тарифтік саясатқа сәйкес жаңғыртуға және қуаттылықтарды кеңейтуге кіргізілетін барлық ресурстар тиімді игерілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны