28.05.2014, 22:17 2770

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын Трансформациялау бағдарламасы 2014 жылдың қыркүйегіне дейін жасақталады - Ө.Шүкеев

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын Трансформациялау бағдарламасы 2014 жылдың қыркүйегіне дейін жасақталады - Ө.Шүкеев

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының тәуелсіз директорлары мен компаниялар тобының басшыларымен кездесу аясында Трансформациялау бағдарламасын 2014 жылдың қыркүйегіне дейін жасақтау жоспарлануда, деп "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев мәлім етті.

"Біз Елбасынан тікелей тапсырма алдық және Премьер-Министр тарапынан қолдау көрсетіліп отыр. Кәрім Мәсімов трансформациялау идеясына жеке өзінің қолдауын білдірді және Директорлар кеңесіне 2014 жылдың қыркүйек айына дейін аталмыш бағдарламаны жасақтауды тапсырды", - деді Ө. Шүкеев.

Сонымен қатар біз, Тарнсформациялау бағдарламасының 8 негізгі бағытын теңестіре аламыз, деді ол.

"Біріншіден, "Самұрық-Қазына" компаниясының инвестициялық қызметін жаңаша құру міндетін қойып отырмыз. Біз еншілес компаниялар жіберетін жобаларды бекітіп қана қоймай, өзіміз жаңа тиімді, жоғары технологиялық жобаларды іздеуіміз қажет", - деді Басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, келесі бағыт - компания қызметінің басты көрсеткіштерін жетілдіру. Олар тиісті халықаралық стандарттарға сай келуі тиіс.

"Үшінші бағыт - еншілес компаниялардағы барлық бизнес-үдерістердің инжирингі. Өте ауқымды жұмыс", - деп Ө.Шөкеев үшінші бағытты тілге тиек етті.

Басқарма төрағасы атап өткендей, активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау бағдарламаның маңызды бағыты болып отыр.

"Біздің барлық 600 компанияны міндетті түрде қайта құрылымдап, оңтайландыру қажет. Біздің қор қазір 7 деңгейде. Біз еншілес комнанияларымыздың қызметіне мониторинг жүргізетін салалық командаларды жоғары білікті сарапшылардың жалға алу арқылы жасақтаумыз керек", - деп ол өз ойын түйді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны