29.04.2009, 17:45 3563

Сарыағаш шекара отрядының заставасында Өзбекстанға контрабандалық жолмен шығаруға дайындалған 113 тонна ұн мен күріші бар қойма табылды

Сарыағаш шекара отрядының заставасында Өзбекстанға контрабандалық жолмен шығаруға дайындалған 113 тонна ұн мен күріші бар қойма табылды

Алматы. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сарыағаш шекара отрядының "Қапланбек" заставасында Өзбекстанға контрабандалық жолмен шығаруға дайындалған 113 тонна ұн мен күріші бар қойма табылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "28 сәуірде "Бөгет-2009"атты шекаралық операцияны жүзеге асыру барысында Сарыағаш шекара отрядының "Қапланбек" заставасы маңында мемлекеттік шекараға таяу жерден Өзбекстанға контрабандалық жолмен шығаруға дайындалған 113 тонна ұн мен күріші бар қойма табылды. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны