06.02.2014, 22:39 9445

Сәуір айының соңына дейін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "KazSat-3" жерсерігі ұшырылады - Т.Мұсабаев

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан "KazSat-3" ұшыру 2014 жылды 30 сәуіріне дейін жүргізіледі деп жоспарлануда", - деді Т.Мусабаев.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. "KazSat-3" жерсерігін 2014 жылдың 30 сәуіріне дейін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру жоспарланған. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев агенттіктің 2013 жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылы атқарылатын істер бойынша алқа отырысында мәлім етті.

""KazSat" ғарыштық жүйесі мен хабар таратуды құру аясында үш жоба, яғни, "KazSat-2", "KazSat-3" ғарыш апараттарын жасау және оларды басқару үшін арнайы жер үсті кешен салу жобалары жүзеге асырылуда. Бүгінде "KazSat-2" штаттық жүйе бойынша жұмыс істеуде, оның жүктемелігі 63%. Сонымен қатар, Қазақстанның 11 ұялы байланыс операторларына 2 млрд. теңгедан астам сомаға жерсеріктік кеңістік жалға берілуде", - деді Талғат Мұсабаев.

Қазғарыш төрағасының айтуынша, "KazSat-3" жер серігін құру және оны іске қосы жобасы ресейлік "Академик М.Ф.Решетнев атындағы ақпараттық жерсеріктік жүйе" компаниясымен біріккен жоба аясында жүзеге асырылуда.

"2013 жылы "KazSat-3" жерсерігінін жалпы жинау жұмыстары жүргізіліп, оны тәжірибеден өткізу аяқталды. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "KazSat-3" ұшыру 2014 жылды 30 сәуіріне дейін жүргізіледі деп жоспарлануда", - деді Т.Мусабаев.

Сонымен қатар ол, "KazSat" жерсеріктерін басқару бойынша жер үсті кешенін құру жұмыстары аяқталған. Кешен 2013 жылдың маусым айында пайдалануға берілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны