28.10.2007, 17:21 3270

Семей аймағында абақтыдан қамаудағы тұтқын қашып кетті

Семей аймағында абақтыдан қамаудағы тұтқын қашып кетті.

Семей. 28-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семей аймағында абақтыдан қамаудағы тұтқын қашып кетті. Бұл туралы Семей аймағының түзету мекемелеріндегі заңдылықтарды қадағалау жөніндегі арнайы прокуроры Айтмағамбет Серғазин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның ақпараттарына сүйенсек, аталмыш оқиға Приречное аулында орналасқан УЛ-154/4 түзету мекемесінде болған. "Екінші қазанда сотталған түрме әкімшілігіне өзінің туысқандарынан апасының нашар жатқандығы туралы жеделхат келгендігін айтып, жүгінген. Икімшілік сотталғанға Талдықорғандағы үйіне барып келуге рұқсат берген, бірақ ол белгіленген уақытта кері қайтып оралмаған",- деді А. Серғазин. Сотталғанның бұл әрекет жазасын одан әрі өтеуден жалтару деп бағалануда.

Икімшілік аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 359-бабы бойынша (жазасын өтеуден жалтару) қылмыстық іс қозғады. Арнайы прокуратура сотталғанды ұстап, қамауға рұқсат берді. "Қазір іоған іздеу жарияланған, қашқынның жүрген жерін анықтау мен ұстауға қатысты жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде",- деп хабарлады А. Серғазин.

22 жасар сотталған УЛ-154/4 түрмесінде адам зорлау қылмысы үшін 2004 жылдың қарашасынан бері жазасын өтеуде. "Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған, бірақ сот үкімімен тағайындалған жазасының үштен бір бөлігін өтеген ол абақты-мекенге ауыстырылып, сол жерден қашып кеткен",- деп түсіндіріп өтті арнайы прокурор.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны