14.01.2008, 18:13 2857

Семей гарнизонының әскери соты 2007 жылы 52 қылмыстық іс қарастырған

Семей гарнизонының әскери соты 2007 жылы 52 қылмыстық іс қарастырған, деп хабарлады Семей гарнизонының әскери сотының төрағасы Асқар Қайыров.

Семей. 14-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семей гарнизонының әскери соты 2007 жылы 52 қылмыстық іс қарастырған, деп хабарлады Семей гарнизонының әскери сотының төрағасы Асқар Қайыров.

Ол 2006 жылы әскери сот 46 істі қарағанын атап өтті. "Яғни, бірқатар өсім бар. Егер бұрындары қылмыстық істердің басым көпшілігі әскери қызметтен жалтарудан болса, қазір әлімжеттік оқиғалары артып отыр", - деп хабарлады А. Қайыров. Ол сондай-ақ, әскерилердің арасында есірткі заттарын сату саны өскенін атап өтті.

"Қарастырылған істердің ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты деректер ерекше орынға ие. Сыбайлас жемқорлық пен бюджет қаражатын жымқыруға байланысты төрт қылмыстық іс қозғалған. Мысалы, бір әскери бөлімде 10 млн теңге көлеміндегі қаражатты жымқыру дерегі анықталған. Шамамен осындай қаражат қалалық әскери госпитальда ұрланған. Аталмыш қылмыстық істер бойынша қаражаттың жалпы көлемі 30 млн теңгеден асып жығылады", - деп атап көрсетті сот төрағасы.

Сонымен қатар, өткен жылы гарнизондық сот халықаралық тыңшылыққа байланысты қылмыстық істі қарастырған. "Қалада көршілес Қытай елінің азаматы тұтқындалды. Оның тыңшылықпен айналысқаны анықталды. Кәсіпкерлік қызметін бетперде еткен ол мемлекеттік құпияға жататын мәліметтерді жинауға тырысқан. Қытай Халық Республикасының азаматы 11 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады А. Қайыров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны