13.09.2006, 15:16 3078

Семей полигондарында "Шығыс" аймақтық қолбасшылығының командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді

СЕМЕЙ. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Семейдегі әскери полигондарда "Шығыс" аймақтық қолбасшылығының командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Шығыс" аймақтық қолбасшылығының қолбасшысы Сәкен Жасұзақовтың айтуынша, әскери іс-қимылдар аймақтық қолбасшылық құрамына енетін әскери бөлімдердің жауынгерлік дайындығы жоспарына сәйкес қыркүйектің 5 мен 12 аралығында өткізілді. Оған Қарулы күштердің барлық әскер түрлерінің құрамына қамтылатын 1 мың адам мен 200 әскери техника жұмылдырылды.

Сарбаздар инженерлік-саперлік бөлімшелердің понтонды көпір тұрғызуы мен су бөгетінен өту әрекеттеріне машықтанды.

Бұған қоса "Шығыс" полигонында шартты қарсыласты нысанаға алу арқылы барлық қару түрлерінен тактикалық атыстар іске асырылды.

Оқу-жаттығулар барысында бұған қоса әскерилер құрамының ұрыс қимылдары жағдайындағы күнделікті іс-әрекеттері мен тіршілігін жоспарлау мен ұйымдастыру мәселелері жан-жақты пысықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны