10.09.2009, 11:02 1581

Сенат бағалау қызметі мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге өзгерістер енгізіп, мәжіліске қайтарды

Сенат бағалау қызметі мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге өзгерістер енгізіп, мәжіліске қайтарды

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап, оған өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, бұл заң жобасы қолданыстағы бағалау қызметі нарығын жүйесінің құқықтарын жетілдіру және тәртіпке келтіру мақсатында әзірленген болатын.

"Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы" заңына ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар мүлікті бағалау мәселелерін мемлекеттік бағалаудан бірте-бірте өзі реттелетін бағалаушылар палатасына ауыстыруды қамтамасыз етуге арналған. Олар мемлекет міндетіне бағалау қызметін реттеуді қалдыра отырып, тиісті қызмет нарығында бағалау қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны