24.12.2015, 12:01 4758

Сенат "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" ҚР заӊын қабылдады

Заӊ жобасыныӊ мақсаты бағалы металдар мен асыл тастарды өндіру және олардыӊ айналымы, бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды мемлекеттік реттеу және бақылау болып табылады. Бұдан бөлек, Қазақстанда зергерлік өнеркәсіпті дамытуға жағдай жасалып, осы бағытта туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеудіӊ бірыӊғай заӊнамалық негізі қалыптасады", - деп баяндады ҚР Инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Сенаттыӊ жалпы отырысында депутаттар "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" заӊды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Заӊ жобасыныӊ мақсаты бағалы металдар мен асыл тастарды өндіру және олардыӊ айналымы, бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды мемлекеттік реттеу және бақылау болып табылады. Бұдан бөлек, Қазақстанда зергерлік өнеркәсіпті дамытуға жағдай жасалып, осы бағытта туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеудіӊ бірыӊғай заӊнамалық негізі қалыптасады", - деп баяндады ҚР Инвестициялар және даму министрі Исет Исекешев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Бұдан бөлек, заӊ жобасында Үкімет, Ұлттық банк, бағалы металдар мен асыл тастар айналымы саласындағы уәкілетті органныӊ құзыреті айқындалып, осы саладағы заӊнаманы бұзғандарға жауаптылық белгіленеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны