18.10.2012, 14:11 3230

Сенат балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялады

"Құжат балаларды ұрлауға қарсы күрес саласында Конвенцияға қатысушы басқа мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, балаларды заңсыз алып өтуден немесе күштеп ұстаудан қорғауды халықаралық ауқымда қамтамасыз етуге бағытталған", - деді осы конвенцияны іске асыратын уәкілетті орган - ҚР Ішкі істер министрлігінің басшысы Қалмұханбет Қасымов.

Астана. 18-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Құжат балаларды ұрлауға қарсы күрес саласында Конвенцияға қатысушы басқа мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, балаларды заңсыз алып өтуден немесе күштеп ұстаудан қорғауды халықаралық ауқымда қамтамасыз етуге бағытталған", - деді осы конвенцияны іске асыратын уәкілетті орган - ҚР Ішкі істер министрлігінің басшысы Қалмұханбет Қасымов.

Аталмыш конвенцияға 1980 жылы қол қойылған болатын. Қазіргі таңда конвенция 87 елде қолданылады. Бұл мемлекеттердің қатарында Австрия, Ұлыбритания, Канада, Франция және Швеция елдері бар.

Талқылау қорытындысы бойынша палата депутаттары "Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны