24.09.2009, 10:29 1314

Сенат "Біріккен Ұлттар Ұйымының Мемлекеттердің және олардың меншігінің юрисдикциялық иммунитеттері туралы конвенциясын ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады

Сенат "Біріккен Ұлттар Ұйымының Мемлекеттердің және олардың меншігінің юрисдикциялық иммунитеттері туралы конвенциясын ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Біріккен Ұлттар Ұйымының Мемлекеттердің және олардың меншігінің юрисдикциялық иммунитеттері туралы конвенциясын ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2004 жылы 2 желтоқсанда қабылдаған БҰҰ Мемлекеттердің және олардың меншігінің юрисдикциялық иммунитеттері туралы конвенциясын ратификациялауға бағытталған.

Конвенция мемлекет өз иммунитетін басқа мемлекеттің соттарында пайдалану шарттары мен жағдайларын белгілейді, соған сәйкес кейінгі мемлекеттің сотында иммунитет пайдаланушы елге қатысты рұқсат етілген іс-әрекетпен бірге еріксіз шараларды қолдану ауқымын белгілейді.

Конвенцияда коммерциялық емес мақсаттар үшін пайдаланылатын меншіктің ерекше тізбесі айқындалған, оған қатысты шетел сотының юрисдикциясы шешім қабылданғанға дейін және одан кейін қолданыла алмайтыны айтылған.

Конвенцияның 21-бабына сәйкес осы тізбеге мыналар кіреді: мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінің немесе оның консулдық мекемелерінің, арнайы миссиялардың, өкілдіктердің, делегациялардың функцияларын орындауға арналған меншік; әскери сипаттағы меншік; мемлекеттік орталық банкінің немесе өзге қаржы органының меншігі; мемлекеттің мәдени, ғылыми және тарихи мұрасының бір бөлігін құрайтын меншігі және оның мұрағаттары.

Конвенцияда бір мемлекеттің сотында олардың билік функцияларын жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттің және оның органдарының юрисдикциясын жүзеге асыру мүмкін еместігінің маңызды қағидалары бекітілген. Еліміздің иммунитетінің мәселелері кодификацияланған актілердің екі нормасында ғана реттеледі. Конвенция бұл баптардан басқа азаматтық-құқықтық қатынастардағы мемлекеттің иммунитеттік мәселелері жөнінде өзге де нормаларды белгілейді. Қазақстанның Конвенцияға қатысуы оған қатысушы басқа да елдер соттарының юрисдикциясынан мемлекеттің иммунитеті мен оның меншігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы президенттің қол қоюына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны