05.06.2014, 20:00 3101

Сенат бірінші оқылымда Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті қабылдады

Жалпы, Кодекс 920 баптан тұрады. Онда уақыттың тексерісінен өткен кейбір баптар мен бөлімдер еш өзгеріссіз қалдырылған.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ. Тоқаевтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста ҚР Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі қабылданды.

"Кодекс жобасы әкімшілік заңнаманы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл көлемін 50%-ға төмендету және әкімшілік тұтқындаудың максималды көлемін 30 тәулікке дейін қысқарту арқылы реформалау болып табылады", - деді ҚР Иділет министрі Б.Имашев.

Ведомство басшысың айтуынша, жаңа Кодекс аясында жағдайға орай жеке тұлғаларға салынатын айыппұл көлемі 30%-ға дейін қысқартылған.

Жалпы, Кодекс 920 баптан тұрады. Онда уақыттың тексерісінен өткен кейбір баптар мен бөлімдер еш өзгеріссіз қалдырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны