02.06.2011, 16:05 3175

Сенат электрондық ақшаны шығару және пайдалануды қарастыратын заңнаманы мәжіліске қайтарды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, құжатқа бірқатар түзетулер енгізілгендіктен, заң жобасы мәжіліске қайтарылды.

Астана. 2 - маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, құжатқа бірқатар түзетулер енгізілгендіктен, заң жобасы мәжіліске қайтарылды.

Естеріңізге сала кетейік, заң жобасының негізгі мақсаты - елімізде электрондық ақшаны шығаруға және оны ел аумағында пайдалануға құқықтық негізді қалыптастыру болып табылады. Сондай-ақ, электрондық ақша шығару және онымен төлемдерді, өзге де қаржы операцияларын жүзеге асыру үшін пайдалану саласында қалыптасып отырған құқықтық қатынастарды реттеу көзделеді. Мамандардың айтуынша, бұндай электрондық ақша жаңадан енгізілетін дүние емес, өйткені осындай электрондық ақша Қазақстанда айналымда бар.

Дегенмен, бұндай ақша елімізде резидент еместер тарапынан шығарылады және бұлардың бәрі шетелдік валюта түрінде болып отыр. Сондықтан да заң жобасы жүзеге асса, қазақстандық банктер ұлттық валюта, яғни теңге бойынша электрондық ақша шығара бастайды. Өз кезегінде интернет пайдаланушылар желілерді пайдалана отырып, он-лайндық сатып алулар жасай алады. Тоқтала кететін жайт, электрондық ақшаны иелену әрбір интернет пайдаланушы жеке тұлғалардың таңдауы арқылы жүзеге асады.

Сонымен бірге, бүгінгі күні еліміздегі электрондық коммерция саласында отандық электрондық ақшаның болмауы салдарынан қаражаттың сыртқа ағылу жағдайы да кездескен. Отандық банктердің электрондық ақша шығара бастауы одан кейінгі кезеңдерде елімізде қажетті инфрақұрылымдарды құруға негіз болады. Сондықтан да, заң жобасын қабылдау нәтижесінде елімізде интернет-сауда жандана түседі деп күтілуде.

Сенаторлар мәжіліс мақұлдаған заң жобасына 5 түзету енгізді. Атап айтқанда, жоғары палата өкілдері "электрондық ақшаны пайдалану" ұғымына электрондық ақшаны пайдалану тәсілдерін кеңейту бөлігінде өзгеріс енгізуді ұсынады. "Электрондық ақша азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлем жүргізу мақсатында ғана емес, электрондық ақшаны бір иесі - жеке тұлғадан екінші иесі жеке тұлғаға аудару, электрондық ақша иесі - жеке тұлғаның электрондық есеп-шотын толықтыру және басқа да операцияларды жүргізу үшін де пайдаланады", - деген уәжді алға тартады сенаторлар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны