18.06.2009, 13:28 2934

Сенат "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Сенат "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Сенаттың Илеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысына сәйкес, Кодекс жобасы денсаулық сақтау жүйесі мен халық денсаулығына байланысты заңнамалық актілерді жүйелеуге арналған. Сөйтіп, дәрігерлік көмек көрсету, денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау мен тіркеу ісі тәртіпке келтіріледі, кепілді тегін дәрігерлік көмек мөлшерін көрсету жүйеленетін болады.

Заң жобасын талқылау барысында тұрақты комитеттерден түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, Мәжілісте мақұлданған жобаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.

Онда, атап айтқанда кодекс жобасының кейбір ішкі ережелерінің қайшылықтарын жою, оларды Икімшілік құқық бұзушылық, Азаматтық кодекстермен, "Байланыс туралы", "Техникалық реттеу туралы" және басқа да заңнамалық актілерге сәйкестендіру көзделіп отыр.

Кодекс жобасында дәрі-дәрмекті, дәрігерлік мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға орай оның қағидалары белгіленген бірыңғай дистрибьютер қызметіне байланысты жеке бап енгізілетін болады, сондай-ақ дәрі-дәрмекті жеткізушілерден бірыңғай дистрибьютердің сатып алуы рәсімдері белгіленеді.

Отырыста денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға нақтылаулар енгізетін заң жобасына да түзетулер енгізіліп мәжіліске қайтарылды. Ол заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге оларды "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасына сәйкес келтіру мақсатында түзетулер енгізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, Қылмыстық, Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Еңбек, Салық кодекстеріне, "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы", "Жарнама туралы", "Жеке кәсіпкерлік туралы", "Лицензиялау туралы" және тағы да басқа заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

Жобаны талқылау барысында мәжілісте мақұлданған жобаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. Атап айтқанда, Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тіркелуі туралы куәліктің күшін жоюға, он сегізге толмағандарға темекі бұйымдарын сатуға тыйым салуға, денсаулық сақтау саласындағы ақиқатқа жанаспайтын жарнамаға қатысты бірқатар нақтылау және толықтырулар енгізу ұсынылды.

Одан басқа Еңбек кодексі мен "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға қабылданатын "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің тұжырымдамасына сәйкес келетін түзетулер ұсынылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны