27.01.2011, 17:39 4283

Сенат ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясын ратификациялауды мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында "1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясын (1997 жылғы 12 қыркүйектегі Хаттамамен енгізілген түзетулері мен 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының жиынтық мәтіні) ратификациялау туралы ҚР Заңы қабылданды., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 27 - қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында "1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясын (1997 жылғы 12 қыркүйектегі Хаттамамен енгізілген түзетулері мен 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының жиынтық мәтіні) ратификациялау туралы ҚР Заңы қабылданды., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына өзгерістер енгізу жөніндегі хаттама 1997 жылғы 12 қыркүйекте аяқталған.

Конвенцияның мақсаты - ядролық материалдардың, технологиялардың, жабдықтар мен ядролық қондырғылардың экспорты мен импортын қоса алғанда, атом энергиясын бейбіт пайдалану саласында Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын дамыту болып табылады. Конвенция ядролық энергияның белгілі бір түрлерінің бейбіт пайдалану нәтижесінде туындайтын залалдан қаржылық қорғауды қамтамасыз етуге арналған нормалар мен өлшемдер белгілеуге бағытталған. Құжатқа сәйкес оның тарабы болып табылатын мемлекет ядролық энергияны бейбіт пайдалану нәтижесінде туындайтын ядролық залал үшін белгілі бір жауаптылықта болады.

Конвенцияны ратификациялау Қазақстанның халықаралық нормаларға сәйкес ядролық залал үшін жауаптылыққа дайын екендігі туралы ниетін растайды.

Құжат Елбасының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны