23.04.2009, 15:54 3161

Сенат "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астаан. 23 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының мақсаты - әдеби және көркем шығырмаларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясының ережелеріне отандық заңнаманы сәйкестендіру болып табылады.

Заң жобасымен "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Иділет органдары туралы" және Патент заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Атап айтқанда, еліміздің Патент заңы қызметтік міндеттерді орындау барысында автор жасаған жаңалыққа және қызметтік міндеттерді орындауға байланысты емес, бірақ қызметтік мәліметтерді, жұмыс берушінің материалдық, техникалық және басқа да құралдарын пайдалана отырып жасаған жаңалығына қорғау құжаттарын алуға құқықтарды бекітеді.

"Иділет органдары туралы" заң мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды тіркеу міндетін әділет органдары жүзеге асыратыны туралы ережемен толықтырылатын болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны