11.06.2009, 12:41 1442

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен палатаның жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің қорытындысы бойынша заң жобасының негізгі мақсаты интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру мәселелерін реттеудің құқықтық тетігін заң жүзінде бекіту және азаматтар мен заңды тұлғалардың қоғамдық қатынастардың осы саласындағы конституциялық құқығын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Заң жобасы негізгі ұғымдарды айқындайтын және ақпараттық-коммуникациялық желілерде деректерді беру процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттірін реттейтін ережелерді бекітуді көздейді.

Атап айтқанда, заң жобасымен қолданыстағы "веб-сайт" ұғымы қазіргі интернет-технологиялардың даму деңгейіне сәйкес келмейтіндіктен және бүгінгі күні веб-сайттардан басқа Интернет желісінде ақпаратты таратудың басқа нысандары (форумдар, чаттар) бар екендігіне байланысты "веб-сайт" ұғымын "интернет-ресурс" ұғымымен өзгерту көзделеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында "интернет-ресурс" сияқты бірыңғай терминологияны қолдану құқық қолдану практикасында әртүрлі мағынада түсіндіру мен қиыншылықтарды жоюға ықпал етеді.

Аталған өзгерістер азаматтар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және беделін қорғаудың мүмкіндігі мен тәсілдерін кеңейтеді. Мәселен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 143-бабы 2-тармағына сәйкес, егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадiр-қасиетiне немесе iскерлiк беделiне кiр келтiретiн мағлұматтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегiн терiске шығарылуға тиiс. Заң жобасының ережелеріне сәйкес, бұл норма интернет-ресурсқа да қолданылады.

Заң жобасымен Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:

- Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы мәселелер жөніндегі арыздарды ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне;

- абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейтін 494-1-бабын төртінші және бесінші бөліктермен толықтыру бөлігінде Қазақстан Республикасының Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне;

- "көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (Интернет және басқалары) WEB-сайттарды" деген сөздерді "интернет-ресурстарды" деген сөздермен ауыстыруға қатысты; бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру не тоқтату мәселелерін регламенттейтін 13-бапты жаңа редакцияда жазуға байланысты "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;

- "абоненттер туралы қызметтік ақпарат" ұғымын нақтылау және байланыс операторларының осы ақпаратты екі жыл бойы жинау мен сақтау міндеттерін белгілеу мәселелері бойынша "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;

- "интернет-ресурс", "интернет-ресурстың меншік иесі", ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның құзыреті, мәртебесі мен қызметтері ұғымдарын айқындау мәселелері бойынша "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына. Ұлттық оператор ұғымы және оның функциялары нақтыланады, мемлекеттік ақпараттық жүйені пайдалануға беру алдында оның бағдарламалық өнімдеріне, бағдарламалық кодтарына міндетті түрде сынақ жүргізуді көздейтін түзету енгізіледі;

-"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР кодексіне (Салық кодексіне), сондай-ақ "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Икімшілік рәсімдер туралы", "Электр энергетикасы туралы", "Сауда-өнеркәсіптік палаталары туралы", "Жеке кәсіпкерлік туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы", "Бәсекелестік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына "веб-сайт" деген сөздерді "интернет-ресурс" деген сөздермен ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны