04.12.2008, 14:43 1651

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын мәжіліске қайтарды

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда талқылап, оны мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Негізгі заң жобасымен бірге ұсынылған бұл заң жобасына сәйкес "Тауар биржалары туралы" заң жобасының нормаларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу көзделіп отыр. Өйткені "Икімшілік құқық бұзушылық туралы" еліміздің қолданыстағы Кодексі "Тауар биржалары туралы" заңды бұзушыларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін бір де бір норманы қамтымайды.

Сонымен бірге заң жобасы "Лицензиялау туралы" заңға тауар биржаларының қызметі мен брокерлердің және дилердің қызметі сияқты лицензияланатын қызмет түрлерін енгізуді көздейтін толықтырулар енгізуді ұйғарады. Сондай-ақ заң жобасы арқылы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңға да түзетулер енгізілмек. Атап айтқанда, ол заңға Үкіметтің биржалық тауарлардың тізбесін және ұйымдардың мемлекеттік сатып алуы шеңберінде, тек ашық тауар биржалары арқылы ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін және белгіленген тәртіппен ашық тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға міндетті ұйымдардың тізбесін бекітуге арналған құзыретін айқындайтын нақтылау сипатындағы өзгерістер енгізетін болады.

Сонымен қатар "Жеке кәсіпкерлік туралы" заңға тауар биржалары туралы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылауды енгізу көзделеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны