23.06.2008, 18:27 2565

Сенат кейбір заңнамалық актілерге тұтқындауға соттан санкция беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады

Сенат кейбір заңнамалық актілерге тұтқындауға соттан санкция беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады

Астана. 23-маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Кейбір заңнамалық актілерге тұтқындау түрінде кідірту шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін мақұлдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасының мақсаты қолданыстағы заңнаманы Конституцияның 16-шы бабына сәйкестендіруге саяды.

Атап айтсақ, Қылмыстық-процессуалдық кодекс пен "Прокуратура туралы" заңға түзетулер енгізіледі.

Қылмыстық-процессуалдық кодексте тұтқындауға санкция беру өкілеттілігін тікелей аудандық және қалалық сотқа беру заңдастырылады.

Кідірту шарасы ретінде тұтқындауды таңдау қажет болған жағдайда тергеу органы, тергеуші сотқа тұтқындауға санкция беру туралы өтініш жазады, ол іс материалдарымен бірге прокурорға жолданады.

Прокурор өз шешімімен бұл өтінішті қолдау немесе қолдамау жөнінде тиісті қаулы шығарады. Тұтқындау шарасын қолдануға прокурордың келісім бермеуіне тергеу органы немесе тергеуші қарсы шығып, жоғары сатылы прокурорға немесе сотқа шағымдана алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны