20.10.2011, 11:47 3636

Сенат КО комиссиясы туралы шартқа түзетулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР заңы қабылданды.

Астана. 20-қазан. Kazakhstan Today - Сенат КО комиссиясы туралы шартқа түзетулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР заңы қабылданды.

Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған.

Бұл ретте құжат Кеден одағы комиссиясының тиімділігін арттыруға бағытталады және құжат 4 баптан тұрады. Оған сәйкес хаттама мен Кеден одағы комиссиясы шешімдерінің күшіне ену мерзімі нақтыланады. Сондай-ақ, комиссияға жекелеген мәселелер бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұсыныстарын қарау мен ұстанымдарын келісу үшін үйлестіру және консультативтік органдар құру құқығы беріледі.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны