03.02.2015, 18:09 3937

Сенат комитетінде "Мүгедектердіӊ құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заӊ жобасы қаралды

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Илеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетініӊ кеӊейтілген отырысында "Мүгедектердіӊ құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заӊ жобасы қаралды

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Илеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетініӊ кеӊейтілген отырысында "Мүгедектердіӊ құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заӊ жобасы қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мүгедектердіӊ құқықтары туралы конвенцияны 2006 жылғы 13 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Бас Ассамблеясы қабылдаған, деп хабарлайды www.parlam.kz тілшісі.

Заӊ жобасыныӊ мақсаты адамныӊ барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарын мүгедектердіӊ толық және теӊдей жүзеге асыруын ынталандыру, қорғау әрі қамтамасыз ету болып табылады.

Конвенция мүгедектерге қатысты кемсітушілікті жоюға, олардыӊ еӊбекке, денсаулық сақтауға, білім алуға және қоғам өміріне толыққанды қатысуына құқығын, сот төрелігіне қол жеткізуін, жеке басына тиіспеушілікті, қанаудан және асыра пайдаланудан еркіндігін, еркін қозғалуы мен жеке басыныӊ ұтқырлығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Құжатта халықтыӊ еӊ осал және әлеуметтік қолдауды қажет ететін санаттары ретінде мүгедек әйелдер мен мүгедек балалардыӊ құқықтарын қорғауға ерекше көӊіл бөлінеді.

Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттер мүмкіндіктері шектеулі адамдардыӊ құқықтарын қамтамасыз етудіӊ тиімді құқықтық тетіктерін жасау бойынша барлық тиісті шараларды, оныӊ ішінде мүгедектердіӊ лайықты өмір сүру деӊгейін, олардыӊ еліміздіӊ саяси, қоғамдық және мәдени өміріне араласуын қамтамасыз ету үшін заӊнамалық шараларды қолдануға тиіс.

Заӊ жобасы Палатаныӊ қарауына жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны