03.02.2015, 18:00 3894

Сенат комитетінде зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша заӊнамалық түзетулер қаралды

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заӊнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетініӊ кеӊейтілген отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Мажарстан Үкіметі арасындағы олардыӊ мемлекеттерініӊ аумағында заӊсыз тұратын адамдардыӊ реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы" заӊ жобасы қаралды

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заӊнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетініӊ кеӊейтілген отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Мажарстан Үкіметі арасындағы олардыӊ мемлекеттерініӊ аумағында заӊсыз тұратын адамдардыӊ реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы" заӊ жобасы қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Келісім екі мемлекеттіӊ аумағына келу, онда болу немесе тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдарды анықтаудыӊ және қауіпсіз әрі ретімен қайтарудыӊ тиімді рәсімдерін айқындайды, сондай-ақ осындай адамдардыӊ транзитіне ықпалын тигізетін болады, деп хабарлайды www.parlam.kz тілшісі.

Комитет отырысында сондай-ақ "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Заӊ жобасы зияткерлік меншік саласындағы заӊнаманы, оныӊ ішінде құқықтық олқылықтарды, қайшылықтарды жою, сондай-ақ әкімшілік кедергілер келтіретін нормаларды болғызбау жолымен одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді.

Заӊ жобасы бірқатар заӊнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерініӊ патент заӊнамасын үйлестіру мақсатында заӊ жобасыныӊ Қазақстандағы өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау құралдарыныӊ тізбесінен инновациялық патент алып тасталады, жекелеген объектілерді жеделдетіп патенттеу енгізіледі. Патенттеудіӊ қолайлы жағдайлары көзделген объектілер тізбесін уәкілді орган айқындайды.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, пайдалы модель ұғымы кеӊейтіледі. Заӊ жобасыныӊ ережелеріне сәйкес жаӊа және өнеркәсiпте қолдануға болатын техникалық шешім құқықтық қорғау берiлетiн пайдалы модель болып танылады.

Заӊ жобасымен мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардыӊ жиналған сыйақыны бөлу және төлеу үшін шаралар қолдану міндеті көзделеді.

Екі заӊ жобасы да Палатаныӊ қарауына жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны