19.06.2014, 19:51 2573

Сенат мемлекеттік басқару мәселелері бойынша заң жобасын Мәжіліске жіберді

Сенат "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын Мәжіліске жіберді.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Парламентінің Сенаты пленарлы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізген өзгертулері мен толықтыруларын Мәжіліске жіберді.

"Осы заңнама ҚР-ның жаңа бюджеттік саясаты тұжырымдамасы, нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын, сондай-ақ мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын одан әрі іске асыру мақсатында әзірленді. Бюджеттің атқарылуының икемділігін арттыру мақсатында Үкіметтің шешімі бойынша: 5%-дан аспайтын көлемде республикалық бюджет коммисиясына қарамай, 5%-дан 10%-ға дейінгі көлемде республикалық бюджет комиссиясында қарау арқылы бюджетті түзету жолымен бір орталық мемлекеттік органның бюджеттік даму бағдарламалары арасында қаражатты қайта бөлу мүмкіндігі көзделеді", - деді Е. Досаев.

Сонымен қатар, әкімдер нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде 10%-дан аспайтын көлемде, бірақ жоғары тұрған әкімшілермен келісу арқылы қаражатты жергілікіт бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы болады.

Жалпы, заң жобасында 14 заңнамалық актілерге, оның ішінде 5 кодекске өзгертулер мен қосымша енгізу көзделген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны