21.02.2014, 19:24 3568

Сенат Төрағасы БҰҰ БЖКБ Орталық Азиядағы Аймақтық өкілін қабылдады

Сенаттан хабарлағандай, миссиясын аяқтап жатқан С.Азам өзінің Орталық Азиядағы қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті және босқындар туралы Қазақстан заңнамасын одан әрі жетілдіру туралы ойларын ортаға салды.

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan today. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Орталық Азиядағы Аймақтық өкілі Сабер Азамды оның өтініші бойынша қабылдады.

Сенаттан хабарлағандай, миссиясын аяқтап жатқан С.Азам өзінің Орталық Азиядағы қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті және босқындар туралы Қазақстан заңнамасын одан әрі жетілдіру туралы ойларын ортаға салды.

Сенат Төрағасы жемісті қызметі үшін С.Азамға алғыс айтып, Қазақстан мен БҰҰ БЖКБ арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны