06.04.2009, 17:39 4500

Сенат төрағасы Өркениеттер Альянсының Стамбулда өтетін екінші жиынына қатысады

Сенат төрағасы Өркениеттер Альянсының Стамбулда өтетін екінші жиынына қатысады

Астана. 6 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылдың 5-7 сәуірінде парламент сенатының төрағасы - Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өркениеттер Альянсының Стамбулда өтетін екінші жиынына қатысады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алдағы жиын аясында жалпы үш сессия болады. Оның алғашқысы "Дағдарыстар кезеңінде жаһандық күн тәртібін қалыптастыру - мәдени әртүрлілікті дұрыс басқару мәселелері неге маңызды?" тақырыбы бойынша өтеді.

Инновациялық саясат пен бастамалардың қосылуы арқылы үнқатысу мен ынтымақтастықты күшейту мәселелеріне арналған ІІ жалпы сессия барысында Қасым-Жомарт Тоқаев баяндама жасайтын болады.

Үшінші жалпы отырыстың тақырыбы - "Үнқатысу құрылысы үшін: адамдар санасында бейбітшілікті қалыптастыру".

Жұмыс сапарының аясында Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы БҰҰ бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғарғы өкілі Ж.Сампайомен, Ислам Конференциясы Ұйымы бас хатшысы Э.Ихсаноглумен, Иранның бұрынғы президенті М.Хатамимен, Константинополь Патриархы І Варфоломеймен кездесетін болады.

Түркия Республикасымен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында сенат төрағасы Қ.Тоқаев сол елдің президенті А.Гюльмен, Түркияның

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны