11.01.2012, 10:44 3644

Сенат Ұлттық әл-ауқат Қоры туралы заңды қабылдады

Аталған заңды әзірлеудегі негізгі мақсат дағдарыстан кейінгі кезең жағдайында Қор қызметін жоспарлау және іске асыруды, дербестілікті, икемділікті және жеделдікті, Мемлекеттің Қор жұмысына араласуын шектеуді өзгерту болып табылады.

Астана. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Ұлттық әл-ауқат Қоры туралы" ҚР Заңын қабылдады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған заңды әзірлеудегі негізгі мақсат дағдарыстан кейінгі кезең жағдайында Қор қызметін жоспарлау және іске асыруды, дербестілікті, икемділікті және жеделдікті, Мемлекеттің Қор жұмысына араласуын шектеуді өзгерту болып табылады.

Бұл ретте Ұлттық Қормен оның еншілес компанияларының табыстылығын, қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін өзара іс-қимылдың нақты қағидаларын айқындауды көздейтін Қор қызметінің негізгі бағыттарын өзгертулер де қарастырылады. Осыған байланысты Қор тобына ең үздік корпоративтік басқарудың қағидаттары енгізіледі. Ұлттық Қорға және Қор тобының ұйымдарына ашықтық пен трансфаренттік қағидаттары негізінде шаруашылық жүргізу қызметінің ағымдағы мәселелері бойынша шешімдерді дербес қабылдау мүмкіндігі беріледі, оның қызметіне мемлекеттік органдардың шектен тыс араласуын шектеу көзделеді. Жалпы алғанда құжат өзара іс-қимыл тәртібін жетілдіруге және Үкімет пен Ұлттық Қор өкілеттігінің айқынырақ анықтамасын қамтуға, стратегиялық жоспарлау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталады.

Бұдан бөлек Ұлттық Қорға бөлінетін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау мақсатында Қор мен Есеп комитеті арасында өзара әрекетесу механизмі бекітіледі.

"Аталған заң атқарушы билік тармағы және жалғыз ғана акционер ретінде Үкімет функцияларын нақты жүйелеуді қарастырады. Осының өзі Қордағы басқарудың аса тиімділігіне септігін тигізетін болады. Сонымен бірге Үкіметте Қор қызметіне толық бақылау жасау мүмкіндігі қалады",-деді "Самұрық Қазына" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев.

Құжатта Есеп комитетінің өкілін Қордың директорлар кеңесі жанындағы Мамандандырылған комитетке қосуды қарастырады. Заңды әзірлеушілердің пікірінше, аталған шара Ұлттық Қормен оның барлық еншілес компанияларының мемлекеттік ғана емес, коммерциялық қызметінен түскен табыстарына Есеп комитеті арқылы бақылауды қамтамасыз етеді. Мамандандырылған комитет құрамына мемлекеттік бақылау мен құқық қорғау органдарының өкілдері де кіретін болады.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны