12.10.2006, 11:12 2859

Сенат Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберіндегі әскери өнімдерді пайдалануды бақылау тәртіптері туралы хаттамаға енгізілетін түзетулерді бекітті

АСТАНА. 12-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы 1992-жылғы 15-мамырдағы келісім шеңберінде сатылатын әскери өнімдердің мақсатты пайдаланылуын бақылау тәртіптері туралы хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұл хаттаманың мақсаты - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы 1992-жылғы 15-мамырдағы келісімнің пайдаланылу аясын кеңейту болып табылады.

"Хаттамаға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың күшіне енуі ҚР Қарулы күштерінің әскери-техникалық қамтамасыздығын арттыруға және еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға септігін тигізеді", делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Хаттама ұлттық қарулы күштердің өз мұқтаждығына жеңілдікпен сатып алынған әскери мақсаттағы өнімдерді бақылау нысаны ретінде айқындайды.

Қазіргі жағдаймен хаттаманы Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан бекітті.

Заң мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны