01.11.2012, 10:24 2980

Сенат заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселесі жөніндегі заңға енгізелітен түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Ол бойынша Иділет министрі Берік Имашев тиісті түсініктеме берді. Негізінен, заңдық құжат құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленіпті. Тұжырымдамаға сәйкес тіркеу, рұқсат беру-лицензиялау рәсімдерін оңайлату, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне мемлекеттік органдардың заңсыз араласуына тосқауылдар қою жөніндегі жұмысты жалғастыру көзделеді.

Астана. 1-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Сенаттың жалпы отырысында "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнама актілеріне түзетулер мен өзгертулер енгізу туралы" ҚР заңы бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ол бойынша Иділет министрі Берік Имашев тиісті түсініктеме берді. Негізінен, заңдық құжат құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленіпті. Тұжырымдамаға сәйкес тіркеу, рұқсат беру-лицензиялау рәсімдерін оңайлату, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне мемлекеттік органдардың заңсыз араласуына тосқауылдар қою жөніндегі жұмысты жалғастыру көзделеді.

Сондай-ақ заң жобасында заңды тұлғаны құру рәсімін оңайлату, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің рұқсат беру тәртібін хабарлама тәртібіне көшіру, ғаламтор желісі арқылы тіркеуді енгізу, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және филиалды немесе өкілдікті есептік тіркеу туралы куәліктің қағаздағы қалпын электронды анықтамаға ауыстыру, тіркеу кезінде шаруашылық серіктестігінің жарғысын ұсынуды алып тастау қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны