27.12.2012, 12:51 2977

Сенатта Қазақстан арқылы Ауғанстаннан әскери техникаларды транзиттеу жөніндегі заңды ратификациялау туралы заң жобасы қабылданды

Хаттаманың басты мақсаты Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық мүддесіне сәйкес Ауғанстан Ислам Республикасын қалпына келтіру мен тұрақтандыру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға жәрдемдесудегі еліміздің рөлін нығайту болып табылады.

Астана. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Парламент Сенатының депутаттары "2009 жылғы 6 қазанда Астанада қол қойылған ҚР Үкіметі мен Француз Республикасы Қарулы Күштерінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылдарға қатысуына байланысты ҚР аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР Заңының жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хаттаманың басты мақсаты Қазақстанның өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық мүддесіне сәйкес Ауғанстан Ислам Республикасын қалпына келтіру мен тұрақтандыру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға жәрдемдесудегі еліміздің рөлін нығайту болып табылады.

Хаттаманы ратификациялау біздің республикаға өзара тиімді экономикалық нәтижелер береді. Аталған заң жобасын қабылдау қосымша қаржылық шығындарды, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық және өзге құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

"Хаттама 2013 жылдың қаңтарынан маусымына дейінгі кезеңде халықаралық күштердің қауіпсіздікті сақтауы бойынша француз әскери жүктерін Ауғанстанға шығаруға, ықпалдастық жасауға бағытталған. Ол жүктерді Қазақстан арқылы, ұйымдастырылған түрде Шымкент қаласының әуежайынан, яғни әуе және темір жолдар арқылы іске асыру көзделген", - деді ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны