03.04.2014, 20:51 3702

Серік Ахметов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

ҚР Президенті Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы тәжірибесінің ұзақтығына байланысты Серік Ахметовтың Қорғаныс министрі болып тағайындалғанын атап өтті.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan today. ҚР Президенті Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысы тәжірибесінің ұзақтығына байланысты Серік Ахметовтың Қорғаныс министрі болып тағайындалғанын атап өтті.

"Бүгінгі таңда бұл лауазымға лайықты бірден бір адам деп ойлаймын. Біз қорғаныс министрлігіне азаматтық адамды тағайындау бағытын бастадық. Бізге әлі де қорғаныс кешенін дамыту қажет. Біздің әскерді заманауи техникамен қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметті тиімді қолдануды арттыру керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті жақындағы жедел-стратегиялық отырыста айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру керектігін айтты.

Қорытындысында Мемлекет басшысы елдің Қарулы Күші әскери тапсырмаларды орындауға дайын болу керектігін айтып, үнемі даму үстінде болу керектігін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны